21 нау, 2020 сағат 10:28

ТЖ режимі: Премьер-Министр мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін бекітті

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин төтенше жағдай режимі кезеңінде мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін белгілейтін Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Таратылған құжатқа Қосымша қоса берілген. 

* * *

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 Қаулысы

Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін анықтау туралы

«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есепберетін мемлекеттік органдармен (келісу бойынша), орталық мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп,осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин