Twitter әлеуметтік желісі АҚШ-тағы Қытай елшілігінің аккаунтын бұғаттады. Оған елшіліктің ұйғырлар туралы жазбасы себеп болды, деп жазды Bloomberg.
Өкілдіктің ресми аккаунты "ұйғыр әйелдері - бала көтеруге арналған машина емес" деп жазған. Жазба 7 қаңтарда жарияланды, бір күннен кейін әлеуметтік желі твитті көрінбейтін қылды. Сол арқылы Twitter жазба авторына хабарламаны өзінің өшіруіне мүмкіндік беріп отыр.
Twitter өкілі АҚШ-тағы ҚХР елшілігінің аккаунты әлі де бұғаттаулы екенін айтты. Бұл Қытай елшілігі жазбаны әлі өшірмегенін көрсетеді.
"Twitter саясатын бұзғаны үшін осы әрекетке бардық. Twitter адамның діні, жасы, мүгедектігі, нәсілі, этникалық тегіне байланысты кемсітуге қарсы", - деді Twitter өкілі.
Ал Қытай елшілігі қандай да бір жауап беруден бас тартты. Қытайлық БАҚ Twitter-дің бұл әрекетін "екіжүзділік" деп атады.