22 қаң, 2021 сағат 12:31

Туыс адамдар зейнетақы жинағына бір-бірінен үй сатып ала алмайды – Ибрагимова

«Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова зейнетақының бір бөлігін алу тәртібіне сәйкес, туыс адамдар бір-бірінен үй сатып ала алмайтынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ең бастысы, операцияның бәрі қолма-қол ақшасыз жүргізілетінін атап өту керек. Алдамшы келісімшарттардың алдын алып, ақшаны амалдап алып шығу жағдайына жол бермес үшін туысқан адамдар арасындағы келісімшарттарға тыйым салынады. Яғни, мен өзімнің бауырларымнан, сіңлілерімнен, атамнан немесе әжемнен үй немесе пәтер сатып ала алмаймын. Осылайша, ережелерде бүкіл механизм жазылған», - деді Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

Еске сала кетсек, бұған дейін құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев азаматтар зейнетақы жинағының бір бөлігін қандай жағдайда пайдалана алатынын түсіндірген болатын.