Түркияның жоғарғы сайлау комиссиясы Стамбул қаласы әкімін сайлау нәтижесін жойып, қайта дауыс беру өткізу туралы шешім шығарды. Сайлау 23 маусымға белгіленді. Бұл туралы Anadolu ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазады Азаттық.
Сәуірдің ортасында сайлау комиссиясы Стамбул әкімін сайлауда оппозиция жақтағы халықтық-республикалық партиясының кандидаты "Экрем Имамоглу жеңіске жетті" деп хабарлаған. Биліктегі Режеп Тайып Ердоғанның әділдік және даму партиясы 1994 жылдан бері алғаш рет Стамбулдағы биліктен айырылған. Кейін Ердоғанның жақтастары сайлауда заң бұзылды деп, дауыс беру нәтижесін жоюды талап еткен.
Түркияда 31 наурызда муниципалдық сайлау өткен. Барлығы 57 млн адам дауыс берген. Стамбул әкімін сайлауда Экрем Имамоглу билік партиясының кандидаты Бинали Йылдырымнан басым түскені хабарланған.