18 ақп, 2023 сағат 13:33

Түркияда құтқарушылар үйінді астынан 2 млн доллар тапты

© AP Photo / Bernat Armangue

Түркияның Газиантеп қаласында құтқарушылар үйінділердің астынан шамамен 2 миллион доллар тауып, полицияға тапсырды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан порталы Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Құтқарушылар қомақты ақшаны Ayşe-Mehmet Polat тұрғын үй кешенінен ер адамның денесін алып шыққанда тапқан.

"Ер адамның жанында барлығы 2 миллион доллар болды, құтқарушылар полицияға өткізді. Біздің жігіттер бірінші кезекте адамды құтқарады, ал табылған құнды заттарды полицияға береді. Бұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ", - деді Газиантеп өрт сөндіру қызметінің басшысы Джафер Йылмаз.

Бұған дейін ресейлік құтқарушылар үйінді астынан 150 мың доллар қолма-қол ақша тауып, қаражатты жергілікті полицияға өткізген болатын.

6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында 7,7 және 7,6 баллдық жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері елдің 11 провинциясында және көрші мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді. Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда 39 мыңнан астам адам қайтыс болды.