24 қаң, 2021 сағат 08:01

Түркияда бір миллионнан астам адам вакцина салдырды

Түркияға бүгін «Корона-Вак» екпесінің 10 миллионнан астам дозасы жеткізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді. 

Қытайлық вакцинаның 3 миллион дозасы бар бірінші партия өткен жылдың аяғында келген болатын. Жалпы Түркияда вакциналау науқаны 14 қаңтарда басталды. Содан бері 1 миллионнан астам адам екпе салдырған. Препаратты бірінші кезекте медицина қызметкерлері мен қарттар қабылдауда. 

Естеріңізге сала кетейік, Түркияда індет басталғалы бері 24 мыңға жуық тұрғын қайтыс болып, 2 жарым миллиондайы коронавирус жұқтырған.