14 қаң, 2021 сағат 18:27

Түркия бейсенбі күні коронавирусқа қарсы вакцина егуді бастады

Сәрсенбі күні Түркияның денсаулық сақтау басшысы медицина қызметкерлерінің қатысуымен тұрғындарға коронавирусқа қарсы екпе егу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Ел астанасы Анкарада өткен коронавирус бойынша Ғылыми-консультативтік кеңес отырысынан кейін сөз сөйлеген денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа жоғары лауазымды шенеуніктер өздеріне вакцина жасата отырып қоғамға үлгі көрсетеді және халықты соған шақыратынын айтты. 

«Біздің негізгі мақсатымыз – вакцинация бағдарламасын ашық жүргізу. Вакцина әділетті түрде таратылады және Ғылыми кеңес бекіткен басымдықтан өзге тәжірибе жүргізілмейді», деп атап өтті министр. 

Ф.Коджа мәліметінше, вакциналар 81 провинцияның қоғамдық денсаулық сақтау қоймаларына жеткізілді. Әр адамға есімі және штрих-коды бойынша вакцина бекітіледі. Сатып алу бойынша вакцина егілетін адамдарға кезегі туралы хабарланады, содан кейін олар алдын ала жазылып екпе жасатуға барады. 

Кейінірек денсаулық сақтау басшысы CoronaVac вакцинасын қабылдаған Түркиядағы алғашқы адам болды. Министрден кейін комиссия мүшелері де екпе алды. 

«Бәрі екпе алу керек екенін атап өткім келеді. Қалыпты өмірімізге оралу үшін міндетті түрде вакцина егілуі керек», - деп толықтырды Ф.Коджа. 

Бұған дейін сәрсенбі күні Түркияның дәрі-дәрмек және медициналық құрылғылар ресми мекемесі CoronaVac-ты жаңа коронавирусқа қарсы шұғыл пайдалану үшін мақұлдаған болатын. 

Түркияның дәрі-дәрмек және медициналық құрылғылар агенттігі (TITCK) екпені тексергеннен кейін Бейжіңдегі SinoVac компаниясы жасаған CoronaVac вакцинасына ресми түрде рұқсат берді. 

Еске сала кетсек, SinoVac өндірген 3 млн вакцина 30 желтоқсанда Түркияға жеткізіліп, Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қоймасына жіберілді. Содан кейін 14 күндік тексеру үшін TITCK зертханасына жеткізілді. 

Кейінгі ресми мәліметтер бойынша, кейінгі 24 сағатта Түркияда 9554 адам коронавирус жұқтырды, сондай-ақ 173 адам өмірден өтсе, 9 463 тұрғын жазылып шықты. Елдегі жалпы коронавирус жұқтырғандар саны 2,35 миллион адамнан асты.