07 қыр, 2025 сағат 13:06

Түркістан облысында су астында қалған ежелгі жәдігерлер табылды


Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі


Zhanibekov University археологиялық орталығының зерттеушілері Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы Бөген су қоймасында барлау жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі.


Биыл жыл басынан басталған қуаңшылықтың салдарынан қойманың арнасы тарылған еді. Су қоймасы астында қалған тарихи-мәдени ескерткіштерге экспедиция бір аптаға жалғасып, нәтижесінде құнды жәдігерлер табылды.


Зерттеушілердің айтуынша бұл жәдігерлер – кейінгі палеолит пен мезолит кезеңіне тиесілі еңбек құралдары. Бір жерде шоғырланған кейінгі палеолит кезеңіне тиесілі 10-ға жуық халцедон тасы, нуклеустер және кесуге, жонуға арналған тас пластиналар бар. Су эрозициясы нәтижесінде тас кезеңіне тиесілі жәдігерлер мұқият зерттелінді.


"Сонымен қатар кейінгі қола дәуіріне жататын бірнеше жерлеу орындарына қазба жұмыстары жүргізілді. Жерлеу орнында адам мүрдесі нашар сақталған. Сырты геометриялық сызықтармен безендірілген керамикалық ыдыстар, сондай-ақ ортаңғы бөлігі қоладан жасалып, сырты алтынмен көмкеріліп қапталған самай әшекейін ерекше айтуға болады. Шығыршық, қоладан жасалынған қос білезік, кенерлі сырға мен бас киімді әсемдеуге пайдаланған көптеген ұсақ моншақ та табылды", - дейді ғалымдар.