01 шіл, 2020 сағат 13:42

Түркістан облысында коронавирусқа байланысты жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды

Бүгін әлеуметтік желіде «Сарыағаш ауданында түстен кейін вирус себіледі екен, балаларды далаға шығармаңыздар» деген сарында жалған ақпарат таратылған. Бұл ақпараттың жалған әрі шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз, – деп мәлімдеді Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

«Сіздерді, яғни Түркістан облысының тұрғындарын осы секілді мәтінде жарияланған ақпараттарға сенбеуге шақырамыз. Сондай-ақ, дәлел-дәйексіз, ел ішін дүрліктіретін ақпарат таратқандар ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату« бойынша жауапқа тартылатынын да ескертеміз», делінген хабарламада.

Осы ақпаратты «WhatsАpp» желісіндегі топтарда таратқан Отырар ауданының 1973 жылы туған азаматшасы қазіргі таңда құзырлы органдармен анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.