11 қыр, 2019 сағат 10:14

Түркістан облысында екі мектептің директоры пара алды деген күдікке ілінді

Түркістан облысында қорғаныс істері және білім беру саласындағы бірқатар шенеуніктер пара алды деген күдікке ілікті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Облыстық қорғаныс істері департаментінің Отырар ауданы бойынша тобының бастығы әшкереленді. Күдікті ҚР Қарулы Күштерінде қызмет ету мерзімін кешіктіру үшін 80 мың теңге пара алған.

Жетісай ауданы №15 орта мектебінің директоры еңбек шартын ұзарту үшін 200 мың теңге мөлшерінде пара алды деген күдікке іліккен. 
Еден жуушы ретінде жұмысқа қабылдау үшін 150 мың теңге пара алды деген күдікпен Мақтаарал ауданы №34 мектебінің директорына қатысты тергеу басталды. 

Жоғарыдағы деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот шығарады.