Түркістан облысында 3 кікшкентай қызды азаптап келгені үшін ұсталған әйел жүкті боп шықты. Бұл туралы Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі, сенатор Сәуле Айтбаева хабарлады.
«Бұл туралы 11 сәуірде құқық қорғау органдарына мектеп директоры хабарлаған. Өгей шешелері 28 жаста. Жүкті екен. Қазір уақытша қамау изоляторында. 37 жастағы әкесінен де жауап алынып жатыр», – дейді Айтбаева Tengrinews.kz порталына жіберген хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде өгей шешелері 3 қызының тырнақтарының астына ине тығып, әбден қорлық көрсеткені жайлы ақпарат тараған болатын. Кейін әйелдің ұсталғаны белгілі болды.