Айдос Сәкенов Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан Премьер-министрі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ҚР мәдениет және спорт министрі бұйрығы бойынша Айдос Мерекеұлы Сәкенов Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айдос Сәкенов 1987 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Леонид Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Лидс университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің пайдалану басқармасы сарапшысының м.а. болып бастады.
2009-2014 жылдары - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында әртүрлі қызметтер атқарған. 2014-2016 жылдары - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің сарапшысы.
2016-2018 жылдары - Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің басшысы.
2018-2020 жылдары - Павлодар облысының Кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары. 2020 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.