22 жел, 2022 сағат 15:30

Өз қызын зорлады деген күдікке ілінген әскери қызметші қамауға алынды

Фото: Sputnik Қазақстан

11 жастағы қызын зорлағаны үшін айыпталған әскери қызметші тергеуге алынды, деп хабарлады InAktau.kz бас әскери прокуратураға сілтеме жасап. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.

Күдікті Ақтаудағы гарнизондардың бірінде қызмет атқарған. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің екі бабы – 120-баптың 4-тармағы (Зорлау) және 124-бапты 3-тармағы (Жас балаларды азғындық жолға түсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

"Соттың шешімімен әскери қызметші қамауға алынды. Маңғыстау облысында әскери қызметшілер тарапынан балаларға зорлық көрсетудің басқа фактілері тіркелген жоқ. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы бойынша тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жариялауға жатпайды", - деді бас әскери прокурордың орынбасары Сәкен Ермеков.

Бейресми ақпаратқа сәйкес, әскери қызметші теңіз жаяу әскерінде қызмет атқарды. Ол 11 жастағы қызын жарты жыл бойы зорлаған. Одан кіші қызы бәрін камераға түсіріп алды. Соның арқасында ер адамның қылмысы ашылды.