Алматы облысында әкесінің тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырағаны айтылған апалы-сіңілі полицияның қорғауына алынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 мамырда 2001 жылғы Ц. мен 2003 жылғы Ц. есімді азаматтардың өтініштері бойынша Еңбекшіқазақ ауданы ПБ СДТБТ-ға ҚР ҚК-ның 121-бабы 4-бөлігі бойынша екі қылмыстық іс тіркелген ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері").
"Жүргізілген тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шараларымен жәбірленушілердің әкесі 57 жастағы күдікті Ц. есімді ер адам анықталды.
Қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылық фигурантымен аса ауыр қылмыстардың мән-жайы жан-жақты, толық және объектив зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды", - делінген хабарламада.
Жәбірленуші қыздар сотқа дейінгі тергеу жүргізу кезінде полицейлердің қорғауына алынды.
Ал күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібімен ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынған.
Тергеу барысы облыс полиция департаменті бастығының бақылауында.