15 мау, 2021 сағат 10:36

Цой вакцинациялау қарқыны төмен өңірді атады


Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцинациялау қарқыны төмен өңірлерді атады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгінде шамамен 4 млн вакцина дозасы қолданылды. Оның ішінде 1-компонентпен 2 547 363 адам екпе алды. Бұл екпе алуға жататын халықтың 25,7 пайызын құрайды. Ал екінші компонентпен 1 435 334 адам қамтылды», - деді Алексей Цой. 

Оның дерегінше, бүгінде екпе пункттерінде вакцинаның жеткізілікті дозасы, атап айтқанда 1-компоненттің шамамен 1,2 млн, 2-компнентінің 914 мың дозасы бар. 

«1-компонентпен вакцинациялаумен қамтудағы ең төменгі көрсеткіш Маңғыстау облысында - 13,2, Қостанай облысында - 19,5 пайызды,  2-компонентпен де ең төменгі қамту Маңғыстау облысында 7,3 пайызды құрайды. Облыстардың, қалалардың әкімдері халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялаумен қамтуды жеке бақылауға алып, халықты қосымша ынталандыру жетіктерін арттыруы және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет», - деді министр.