
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың үш сценарийін болжады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Министрлік эпидемиологиялық жағдай болжамын қарашаға дейін жаңартты. Сонымен, пессимистік сценарий бойынша қыркүйекте тіркелетін жағдайлардың орташа тәуліктік саны 6300 жағдайға дейін, қазанда 2400 жағдайға дейін болады. Шынайы сценарий бойынша, қыркүйекте - 5300 жағдайға дейін, қазанда - 1800 жағдайға дейін. Оптимистік сценарий бойынша, қыркүйекте - 4200 жағдайға дейін, қазанда - күніне 1300 жағдайға дейін", - деді Цой үкімет отырысында.

Оның айтуынша, соңғы екі аптада инфекциялық орындар жүктемесі 12 пайызға төмендеген.
"Инфекциялық орындардың толуы - 49 пайыз, реанимациялық орындар - 46 пайыз. Ең көп көрсеткіш Ақтөбе облысында - 68 пайыз, Алматы қаласында - 61 пайыз және Алматы облысында - 59 пайыз", - деді Денсаулық сақтау министрлігі басшысы.
Сондай-ақ, Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияға өңірлерде Ashyq жүйесіне қатысатын бизнес субъектілері үшін демалыс күнгі шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырды.
"Вакцинаның бірінші компонентін алғандардың саны 6,5 млн адамға жуық, ал екінші компонентін 5 млн-нан астам адам салдырды. Вакцина салдыру науқанын одан әрі күшейту қажет. Ведомствоаралық комиссияға эпидемиологиялық жағдай тұрақталып жатқан өңірлердегі Ashyq жүйесіне қатысатын бизнес субъектілері үшін демалыс күнгі шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырамын", - деген Премьер-министр бұл жұмыстағы жалпы бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа тапсырды.
1106 рет оқылды