14 қыр, 2021 сағат 09:45

Цой қазақстандықтарды вакцина алуға шақырды


Елімізде 7,1 млн-нан астам адам вакцинаның 1-компонентін алды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Халықты вакцинациялау жалғасып жатыр. Бүгінде 1-компонентпен 7,1 млн-нан астам екпе алды. Бұл екпемен қамтылуы тиіс халықтың 71,5 пайызын құрайды. 2-компонент 5,9 млн-нан астам адамға салынып, қамту көрсеткіші 60 пайызға жуықтады. Өңірлер вакцинаның жеткілікті көлемімен қамтамасыз етілген. Вакцина жеткізу кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр», - деді ол. 

Министр вакцинация коронавирус инфекциясының алдын алудың бір ғана жолы екендігін баса айтты. 

«Сондықтан қазақстандықтарды вакцина алуға және елімізде ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына өз үлесін қосуға шақырамын»,- деді Алексей Цой.