20 мам, 2021 сағат 12:14

Цой: Қазақстанда үндістандық штамм анықталмады


Сенаттың жалпы отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың Үндістанда таралған штамынан қорғану іс-шаралары туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Үндістанда таралған штамға тоқталсақ, бұл елмен арада қазір тікелей әуе рейстері жоқ. Сонымен қатар бас санитар дәрігердің тиісті қаулысы бар, яғни Үндістаннан сапарлап келгендер оқшаулануы керек және 14 тәулік бойы медициналық бақылауда болуы тиіс», - деді министр. 

Оның айтуынша, ПЦР-тест теріс нәтиже көрсетсе де осындай қауіпсіз шаралары ескеріледі. 

«Сонымен қатар, коронавирустың барлық штамдары ПТР-тест кезінде анықталады. Мұнымен қоса, ай сайын ел аумағында тиісті өлшемдерді жүргізіп келеміз. Қазіргі кезде Қазақстанда үндістандық штамм анықталмаған, дегенмен біз тиісті өлшемдерді жүргізуді жалғастырамыз», - деді А. Цой.