01 ақп, 2018 сағат 13:51

Трамп үшінші рет Нобель сыйлығына ұсынылды

АҚШ президенті осымен үшінші рет «бейбітшілік үшін күрес» идеологиясына деген адалдығы үшін Нобель марапатына ұсынылып отыр. Бұл жөнінде Норвегия институтының директоры Хенрик Урдал айтты, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат" Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

«Бізге Трамптың марапатқа ұсынылғандығы туралы хабар келіп түсті. Оны растаймын. Қалай десек те, бұл номинацияның артында не тұрғанын айта алмаймын. Себебі, бұл жасырын ақпарат. Мен бар болғаны оны америкалық азаматтың ұсынғанын ашық мәлімдеймін», - дейді Урдал.

Мұнымен қатар, институттың директоры осы адамның Трампты марапатқа үш жылдан бері ұсынып келе жатқанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Нобель сыйлығы иегерлерінің есімі 2018 жылдың қазан айында белгілі болады.