АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы санкциялар туралы құжатқа қол қойды. Бұл туралы елдің вице-президенті Майкл Пенс мәлімдеді, - деп хабарлайды НТВ.
"Біз санкциялардың жойылуын қалаймыз. Бірақ бұл Ресейдің өз мойнына алған міндеттерін орындағанда ғана мүмкін. Алайда Ресейдің соңғы дипломатиялық қадамдары кері шығып отыр", - дейді Майкл Пенс.
Өткен аптада АҚШ-тың конгресс өкілдерінің палатасы қабылдаған заң жобасы ресейге қатысты "салқын соғыстан" бергі ең қатаң шара болып отыр.
Құжат бойынша, америкалық компаниялар мен жеке тұлғалар санкцияға кіретін ресейлік банктермен келісімшарт жасаса алмайды. Сонымен қатар, санкциялар энергетикалық секторды да қамтып отыр.