12 мау, 2018 сағат 10:16

Трамп Ким Чен Ынмен қарым-қатынасы "өте жақсы" екенін мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен өте жақсы қарым-қатынаста екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол кездесу аяқталған соң бірден айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости.

Осыған дейін екі ел басшыларының бүгін, сейсенбі күні таңертең Сингапурде кездесіп, алғаш рет қол алысқаны жайлы хабарланған болатын. Айта кетейік, саммит Сентос курорттық аралындағы орналасқан "Капелла" қонақүйінде өтіп жатыр.

Сондай-ақ, Трамп Солтүстік Корея басшысы арасындағы кездесудің өте жақсы өткенін айтты. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Дональд Трампқа Сингапурдегі КХДР-АҚШ саммитінің адамдарға ғылыми-фантастика болып көрінетінін айтады.

"Әлемнің басым бөлігі бұл кездесуді фантазия деп ойлап қалуы мүмкін... Ғылыми-фантастикалық фильм", - деді Ким Чен Ын Трамп кеңейтілген отырыс барысында.

Мұнымен қоса, БАҚ мәліметінше, Ким Чен Ын журналистердің ядролық қарусыздандыру жайлы сұрағына жауап бермеді.