Төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын да тоқтатылуы ықтимал. Бұл жайында ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Карин Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазақстан төтенше жағдайды енгізген жалғыз мемлекет емес. Төтенше жағдай тәртібі АҚШ, Италия, Болгария, Сербия, Эстония, Румыния, Чехия және басқа да елдерде енгізілген. Бірқатар мемлекеттер вирустың таралуы кең етек жайып және жағдай бақылаудан шыға бастаған кезде ғана төтенше жағдайды енгізуге мәжбүр болды. Қазақстандық билік төтенше жағдайды алдын алу шарасы ретінде енгізуде. Бұл ретте, біздің билік жедел әрі ілгері әрекет етуде. Төтенше жағдай режимін енгізу - уақытша шара. Ол ұзартылуы да мүмкін», - деп жазды Президенттің кеңесшісі.
Оның атап өтуінше, елімізде эпидемиологиялық жағдай ушықпаса, онда төтенше жағдай режімі мерзімінен бұрын да тоқтатылуы ықтимал.
«Бірақ әзірге бәріміз — мемлекеттік органдар, бизнес пен азаматтар жаңа жағдайға икемделуі тиіс. Басты басымдылық — xалқымыздың денсаулығы», - деді Ерлан Карин.