Алматыда аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 2014 жылдан бері іздеуде жүрген Ибрагим Сулиев Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Бас прокуратура мен Қазақстан ІІМ Интерполының қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ибрагим Сулиевті Түркиядан Қазақстанға экстрадициялады.
«Алматы қаласында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдікті және ол 2014 жылдан бастап халықаралық іздеуде.
Экстрадиция қазақстандық құқық қорғау органдары мен түрік әріптестердің өзара үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде жүзеге асты», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта И.Сулиев Астана қаласының тергеу изоляторына жабылды.