19 мам, 2021 сағат 12:36

Төрт мыңнан астам алматылық қытайдың Sinopharm вакцинасын салдырды


Алматы қаласында бір тәулікте 3197 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Басқарма таратқан мәліметке сәйкес, 18 мамыр күні 3197 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 18 мамыр аралығында қалада барлығы 277 144 адамға екпе салынды. Вакцинацияның жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер саны - 30 518. 

«Бүгінгі күнге дейін қазақстандық QazVac вакцинасын 3000 адам алды. 3 мамыр күні қытайдың Sinopharm вакцинасы 15 000 дозасы жеткізілді, оның бірінші компоненті бойынша 4790 адамға вакцина егілді» - деп атап өтті басқармадан.

Бүгінгі күні қалада 214 пункт жұмыс істеп тұр. 1 282 адамнан тұратын 315 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды. 

«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.