17 ақп, 2022 сағат 21:48

Төңкерісшілер қолға алынған реформаларға кедергі келтіруге тырысты - Президент


Төңкерісшілер елімізде қолға алынған реформаларға кедергі келтіруге тырысты. Бұл туралы «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасындағы сұхбаты кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Сұхбат барысында тілші төңкерісшілер билікке неге қарсы шыққанын сұрады. 

«Мәселе мынада: төңкерісшілер елімізде қолға алынған реформаларға кедергі келтіруге тырысты. Тіпті Президентке де қарсы болды. Өзгерістер олардың мүдделеріне тиімді емес еді. Өйткені, реформалардың басты мақсаты – әділетті қоғам орнату, монополияларды жою, саяси трансформация жасау, еліміздің экономикалық дамуын жеделдету. Халық та осыны талап етіп отыр. Сондықтан, бағытымызды өзгертпейміз, реформалар міндетті түрде өз жалғасын табады», - деді Президент.