Елорданың Денсаулық сақтау басқармасы Тоқтар Әубәкіровтің өткен аптада ауруханадан шығарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Адырна.
Қазақтың тұңғыш ғарышкері тамыз айында коронавирус инфекциясын жұқтырып, қалалық жұқпалы аурулар орталығында ем қабылдаған еді.
Бұған дейін дәрігерлер Әубәкіровтен екіжақты полисегментарлық пневмония анықталғанын айтқан.
