13 ақп, 2018 сағат 09:01

Тоқмәди банкир Тәтішевті өлтіргені үшін айыпталып жатыр

Мұратхан Тоқмәди Ержан Тәтішевті атып өлтіргенін мойындады, деп хабарлайды КТК.

Таразда 13 жылдан кейін кісі өлтіргенін мойындаған Мұратхан Тоқмәдидің ісіне қатысты аты шулы сот процестің алғашқы тыңдалымы өтті. 

Шыны королі сот отырысына өзі келіп, адвокаты екеуі түсірілімге тыйым салуды сұрады. Судья өтінішті қанағаттандырған. 

Мұратхан Тоқмәди "Тұран Әлем Банкінің" бұрынғы басшы Ержан Тәтішевті қасақана жазым еткенін 13 жылдан кейін мойындап отыр. 

Белгілі кәсіпкердің бұған дейін үш жылға сотталғанын айта кетейік. Ол өткен жылы бірнеше ауыр баптар бойынша айыпталып, бірақ кінәсін мойындап, әрі тергеуге көмек бергені үшін жазасы едәуір жеңілдеген. Ал, бұл жолы адам өлтіру бабы бойынша айыпталған Тоқмәди тіпті өмір бойына түрмеге жабылуы мүмкін.