Бүгін Грекияның Олимп тауы Токиода өтетін Олимпиада ойындары-2020 алауын жағу салтанаты өтті, деп хабарлайды Olympic.kz сайты.
Салтанатты шараға Грекия президенті Прокопис Павлопулос, Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах, сондай-ақ «Токио-2020» ұйымдастыру комитетінің өкілдері қатысты.
Рәсім ежелгі Гера храмында өтті.
Сценарий бойынша алауды жоғарғы абыз әйел рөліндегі грек актрисасы Ксанти Георгиу жақты.
Айта кетейік, Грекиядағы эстафета бір аптаға жалғасады. Содан кейін 19 наурыз күні алау Олимпиада-2020 ұйымдастырушыларына тапсырылады.