Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Ертең, 8 ақпанда Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Жиын барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріледі. Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылады", - делінген хабарламада.