«Ұлт мүддесі» бағдарламасында ҚР Президентінің Экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесшісі Сэр Сума Чакрабарти антиваксерлердің пандемияны ушықтырудағы рөлі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
«Вакцина өзінің тиімді екенін көрсетті. Бірақ қарсы пайымдағы контингент әркез болған. Коронавирус екпесіне ғана емес, балаларға түрлі жасында салынатын вакциналарға да, жаңа туған нәрестелерге арналған стандартты пакеттерге де күмәнмен қарайтын азғантай топ бар. Коронавирус жағдайында бұл контингенттің қатары көбейді. Алайда, кез-келген елдің Үкіметі бұл істе түсіндіру жұмыстарын күшейте беру керек. Екпе алу неге дұрыс, ол несімен ұтымды, қоғамға пайдалы болуының себебі қандай деген сұрақтарға түсінікті тілмен жауап берілуі шарт. Яғни, қоғам санасын қатып қалған қыңыр постулаттардан арылту қажет. Тым жұмсақ тәсіл көрінетін шығар, сонда да. Ұлыбритания ауруханаларына вирустың қатерін елемей кеткен адамдар қайтадан түсе бастады. Яғни адам санасын қайта-қайта қажетті ақпаратпен азықтандырып отыру қажет болып тұр», - деді Президент кеңесшісі.
