03 ақп, 2022 сағат 19:38

Тоқаев жұмыс сапарымен Бейжіңге барды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжің қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлім етті. 

«Ертең Мемлекет басшысы XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады. 

5 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз өткізеді. Келіссөз барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланбақ» делінген хабарламада.