19 там, 2020 сағат 12:06

Тоқаев жемқорлықпен күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Президенттің баспасөз хатшысы мәлім еткендей, шараға орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен облыс әкімдері қатысты. 

«Президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігінің, Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің басшылары, Шымкент және Жамбыл облыстарының әкімдері есеп берді», - деп жазды Берік Уәли Facebook-парақшасында.