Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленский және Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы не жайында сөйлескенін айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Владимир Зеленскиймен Украинадағы жағдай туралы сөйлестім. Елдегі әскери іс-қимылдарды тоқтату үшін келіссөздер арқылы уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айттым. Гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамытуға келістік", - деп жазды Тоқаев Twitter-парақшасында.
Сондай-ақ, Президент Владимир Путинмен сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелері жөнінде сөйлескенін жазды.
"Украинадағы жағдай бойынша келіссөздер арқылы келісімге келу аса маңызды екенін айттым", - деді Қазақстан Президенті.