22 жел, 2021 сағат 19:05

Тоқаев ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне қатысады


28 желтоқсанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«ТМД басшыларының Жаңа жыл қарсаңында өткізетін осындай форматтағы кездесуі дәстүрге айналды. Жиын барысында Достастық аясында атқарылған бірлескен жұмыстардың қорытындылары, көпжақты ықпалдастықты дамытудың перспективалары және Ұйым қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланбақ. Сонымен қатар халықаралық және аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері қарастырылады деп жоспарлануда», - деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.