14 қаң, 2022 сағат 18:35

Тоқаев тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан подполковникті орденмен марапаттады


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы тәртіпсіздіктерге қарсы күресте қаза тапқан Қарулы Күштер подполковнигі Сәндібек Қайыровты ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Әскери борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ, мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 32363 әскери бөлімі командирінің орынбасары (жауынгерлік даярлық жөніндегі) Сәндібек Ғалимоллаұлы Қайыров ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталсын (марқұм)", - делінген хабарламада.