Сынау және барды жоқ қылу - оңай. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі аккаунтында осылай жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бүгінгі игі істеріміздің барлығы жастарға арналған. Сынау және барды жоқ қылу - оңай, ал жасампаздықтың жолы - қиын. Ізімізді басқан жас буынға зор үміт артамыз. Бүкіл мемлекеттік жүйені қамтитын реформалар жалғасын табады», - деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, Президент бұған дейін ел жастарын білімді, ұшқыр ойлы әрі Отанына адал деп білетінін жазған еді.
«Билік пен қоғамның диалогы Қазақстанның дамуы және оның қуатын арттыру туралы сан алуан пікірлерді негізге алуы тиіс. Бұл - ұлт бірлігі мен ел тұрақтылығын күшейтудің басты жолы. Біздің жастарымыз білімді, ұшқыр ойлы, Отанына адал! Олар өз армандарына қол жеткізуі үшін барлық мүмкіндіктер жасалады», - деді ол.
Еске салайық, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы ретінде жариялаған болатын.