Қазақстан Президенті мен ҚХР Төрағасының қытай тілінде сөйлескен видеосы жарияланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин ұшақ алдында бір-біріне жылы лебіздерін білдірді", - делінген Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінде.
Еске салайық, бұған дейін Си Цзиньпин Нұр-Сұлтанға 14 қыркүйекте келетіні хабарланған болатын. Қазақстан мен Қытай басшылары жан-жақты қазақстандық-қытайлық стратегиялық әріптестікті нығайту перспективаларын талқыламақ. Келіссөз нәтижесінде екіжақты бірқатар құжатқа қол қою жоспарланғаны айтылды.