28 қаң, 2020 сағат 12:45

Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті

Президент Абу Даби Әмірлігін билеуші әулетінің өкілі, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ірі бизнес өкілі, «Etihad Towers» көпфункционалды кешенінің иесі, «First Abu Dhabi Bank» акционері шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның Таяу Шығыстағы сенімді серіктестерінің бірі екенін, сапар барысында Абу Дабидің тақ мұрагері, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласқандарын атап өтті.

Шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаян Қазақстан Президентіне өзінің «West Hydrocarbons Commercial Investment LLC» компаниясының Батыс Қазақстан облысында мұнай өңдеу зауытын салып жатқанын айтты.

Алдағы уақытта да Қазақстанмен бірлесіп жұмыс істеуге, жаңа жобаларға инвестиция салуға ниет білдірді.