16 қар, 2022 сағат 11:30

Тоқаев: "Президент – жалдамалы менеджер"


Мемлекет басшысы Алматы жұртшылығымен кездесуінде Президент туралы түсінігімен бөлісті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Менің түсінігімде, Президент – жалдамалы менеджер, халық онымен белгілі бір мерзімге келісімшарт жасайды. Азаматтардың еркін таңдауының нәтижесінде елдегі ең жоғары мемлекеттік лауазымға ие болған адам миллиондаған отандастарының дауысымен бекітілген келісімшартқа қол қояды.

Сондықтан Президенттің лауазымы – артықшылықтан бұрын зор жауапкершілік. Бұл қызметті атқарған және атқаратын әрбір адам ең қатал үш соттың – халықтың, тарихтың және өз ар-ұжданының алдында жауап береді.

Сенім – елдің игілігі мен дамуына, халықтың ынтымағына негіз болатын қастерлі ұғым» - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.