Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент қызметінде және партия жұмысында қандай қағиданы ұстанатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Саясатта ел мүддесіне берік болу айрықша маңызды. Мен Президент қызметінде және партия жұмысында дәл осы қағиданы ұстанамын. Біз Егемендіктің төртінші онжылдығына қадам бастық. Алдымызда жаңа міндеттер тұр. Бірлігіміз бекем болса, оның бәрін орындаймыз», - деді Тоқаев «Nur Otan» партиясының съезінде.
Мемлекет басшысы қоғамға ең бастысы тыныштық пен тұрақтылық керек екенін еске салды.
«Nur Otan» – еліміздің негізгі саяси күші. Сондықтан Қазақстанның болашағы үшін, ең алдымен, біздің партиямыз жауапты. Әрқайсымыз осы жауапкершілікті терең сезініп жұмыс істеуіміз қажет», - деді ол.