ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің өзгеру ықтималдығына қатысты ойын айтты.
Мемлекет басшысы республикалық «Egemen Qazaqstan» және «Aiqyn» газеттеріне берген сұхбатында Үкіметтің ауысуын жоққа шығарды.
«Президент ауысқанда Үкіметтің қоса ауысуы міндетті емес. Үкімет жақында ғана жасақталғаны белгілі. Қазір көптеген қауырт жұмыстар бар. Министрлерге нақты тапсырмалар берілді. Съезд тапсырмаларын орындау, көктемгі тасқын қаупінің алдын алу, егіс науқаны сияқты маңызды маусымдық міндеттер тұр. Сондықтан қазіргі кезде Үкіметті ауыстырудың қажеттілігін көріп тұрған жоқпын. Ал жекелеген Үкімет мүшелерінің қызметі олардың атқарған нақты жұмыстарына қарай бағаланатын болады», - дейді ол өз сұхбатында.