14 қыр, 2022 сағат 19:25

Тоқаев пен Си Цзиньпин «Қазақстан – Қытай: мыңжылдық диалог» атты көрмені тамашалады


Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин «Қазақстан – Қытай: мыңжылдық диалог» атты көрмені тамашалады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ресми келіссөздер аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары екі елдің көне заманнан бүгінге дейінгі тарихи, мәдени байланыстарына арналған Қазақстан – Қытай: мыңжылдық диалог» атты көрмені тамашалады.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, Орталық мемлекеттік музей, Тұңғыш Президент музейі және Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі қорларынан 40-қа жуық археологиялық жәдігер, сондай-ақ сәндік қолданбалы және бейнелеу өнерінің заттары қойылған.

Қазақстан мен Қытай басшыларына қазақ-қытай халықтарының материалдық және рухани мәдениетінің даму сабақтастығын көрсететін бес бөлімнен тұратын көрменің құрылымы таныстырылды.