Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәулен Әшімбаевты, Азат Перуашевті, Айқын Қоңыровты және Әли Бектаевты қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевті, Қазақстан коммунистік халық партиясы Орталық Комитетінің хатшысы Айқын Қоңыровты, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдады. Кездесу барысында қоғамдық-саяси күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды" делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетсек, бүгін, 9 сәуірде, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 13.00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жариялайды.