Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының Төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясының Төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс енгізді.
Партияның кезектен тыс XXI Съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан «Nur Otan» партиясының Төрағасы болып сайланды», - делінген Президент баспасөз қызметінің Twitter-де жариялаған ақпаратында.
Еске салайық, қарашада өткен саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы төрағасының өкілеттігін беру туралы шешім қабылдаған болатын. Ол партияны ел Президенті басқаруы керек екенін айтқан еді. Кейінірек Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Тұңғыш Президенттің шешімі билік транзитінің заңды жалғасы ғана екенін айтты.