Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 наурызда Nur Otan партиясының кезектен тыс съезін шақыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы партияның жауапты хатшысы Асхат Оралов мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Бүгін Nur Otan партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 наурызда кезектен тыс XXII съезді шақыру туралы шешім қабылдады. Оған бүкіл аймақтардың делегаттары қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық шараларын қолға алды", - деп жазды Асхат Оралов Facebook-те.
Оның айтуынша, съезд барысында партия жұмысын жаңғырту басымдықтары талқыланады.