06 қаң, 2025 сағат 15:54

Тоқаев метапневмовирус туралы пікір білдірді

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды. Онда Президенті метапневмовирусқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ult.kz.

"Қазір бәрі жаңа инфекция туралы айтып жатыр. Меніңше, одан даңғаза жасаудың қажеті жоқ. Сондықтан Қытаймен ынтымақтастықты одан әрі дамытуымыз керек", – деді ол.


Айта кетейік, Мемлекет басшысы Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен магистранттарына және докторанттарына арналған 2656 орындық жаңа жатақхананы аралап көрген болатын.

Ғылым және жоғары білім министрі Президентке студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу арқылы академиялық хаб құру шаралары жөнінде баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарды оң бағалап, білім беру саласындағы және жастар арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды екеніне назар аударды.

Қытайда өршіген метапневмовирус штамы Қазақстанда да табылып жатқаны туралы жазған болатынбыз.