03 қаз, 2021 сағат 10:45

Тоқаев: Мемлекеттің мұғалімдерді жан-жақты қолдау саясаты жалғаса береді


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Президент құттықтауын Twitter-де жариялады.

"Ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Еліміздегі білім сапасы, ұлттың бәсекелік қабілеті жоғары болуы сіздердің біліктіліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңізге байланысты. Мемлекеттің мұғалімдерді жан-жақты қолдау саясаты жалғаса береді. Мәртебелі қызметтеріңіз табысты болсын!", - деп жазды Мемлекет басшысы.