12 сәу, 2019 сағат 13:43

Қазақстан еңбекқор ел болуы керек, жайбарақат өмірдің заманы кетті - ҚР Президенті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауға сапары барысында зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

"Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  осы  кездесуде сөйлеген сөзінің мәтінін жариялайды.

 

Құрметті маңғыстаулықтар!

Қадірлі қауым!

Бүгін қасиетті Маңғыстау жеріне келіп, өздеріңізбен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын!

Маңғыстау – бар қазақ қадір тұтқан батыр бабалар мен 362 әулиенің мекені. Елдің киесін сақтаған, ұлттық дәстүрдің өзегін жалғаған Маңғыстау өңірі әрқашан елдіктің тірегі болды. Сондықтан мен ел дамуының маңызды кезеңінде киелі өлкеге арнайы келіп отырмын.

Баршаңыз білесіздер, Елбасы тарихи шешім қабылдап, Қазақстан өркендеудің  жаңа сатысына қадам басты. Біз Тұңғыш Президент айқындап берген стратегиялық мақсат-міндеттерді жүзеге асыруды одан әрі жалғастыра береміз.

Осы жылдар ішінде егемен еліміздің саяси басқару жүйесі мен сабақтастық дәстүрі берік қалыптасты. Бұл бағыттан ауытқымай, алға жылжу – біздің алдымызда тұрған маңызды міндет.

Президент ретінде мемлекетті одан әрі дамыту үшін менің ұстанымдарым айқын әрі нақты. Мемлекетшілдік пен дәстүр сабақтастығы – елімізді өркендетудің басты кепілі. Мен осы ұстанымдарға айрықша мән беремін. Онсыз тұрақтылық та, даму да болмайды. Сондықтан, қоғам тұрақтылығын нығайта отырып, экономиканың қуатын еселеу – басты мақсатымыз. Бұл орайда, Ұлы дала демократиясынан бастау алатын әділеттілік принципі қатаң сақталуы тиіс. Оны жоғалтып алу адамзат үшін де, ұлт үшін де өзін-өзі жоғалтумен тең.

Дана халқымыз айтқандай, «Әділет жолы – ауыр жол». Бірақ біз үшін одан басқа жол жоқ. Әділеттілік – ауқымы кең ұғым. Бұл құндылық, ең алдымен, мемлекеттік саясатта басшылыққа алынуы қажет. Заң алдында барлық азамат тең құқылы. Біздің азаматтарымыздың құқықтары әрқашан ең жоғары құндылық ретінде қабылдануы тиіс. Қылмыс жасаған азаматтар лауазымына қарамай заңға сәйкес жазалануы керек. Әлеуметтік теңдік сақталмаған жерде, әділдік болмайды. Сондықтан, бүкіл қоғам болып әділетсіздікпен жұмыла күресуіміз керек. Бұл – Ата заң талабынан туындайтын және мүлтіксіз қорғалуы тиіс басты құндылықтардың бірі.

Біз қазір технологияның қарқынды даму дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Жаһандық бәсеке күшейген заманда алыстағыны алатын алғырлық, қиядағыны шалатын қырағылық керек. Сондықтан, Төртінші өнеркәсіптік революция кезеңінде енжарлыққа жол бермеуіміз қажет.

Барға қанағат етіп, қол қусырып, қарап отыруға болмайды. Өркениет көшінен қалып қоймай, заман талабына сай алға жылжуымыз керек. Әйтпесе, тарих та, болашақ ұрпақ та бізді кешірмейді. Сондықтан, жаңашыл үрдістерге жол ашу еліміздің өсіп-өркендеуі үшін аса маңызды.

Жергілікті өңір басшылары халықпен тығыз байланыс орнатып, қарапайым Адами қарым-қатынас жасауға ерекше мән беруі керек. Халыққа ашық қызмет көрсетуге қажетті барлық коммуникация құралдарын тиімді пайдалану қажет. Бұл мәселені Түркістанға барған сапарымда және облыс әкімдерімен өткізген жиында айттым.

Әкім болу, ең алдымен, халыққа жақын болу деген сөз! Ең басты міндет – адал қызмет етіп, елдің сенімінен шыға білу! Әкімдер есептік кездесулерде ғана емес, халықпен апта сайын, ай сайын тұрақты жүздесіп, елді мекендерді түгел аралауы тиіс. Барлық деңгейдегі жергілікті аймақ басшылары тұрғындарды толғандырған мәселелерді уақтылы шешуі керек. Сонда ғана билік пен халық арасында сындарлы диалог орнайды.

Елмен байланыс жасауға кедергі келтіретін құбылыстың бірі – сыбайлас жемқорлық. Бұл мемлекеттің орнықты дамуына, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Жемқорлықтың тамырына балта шауып, оны түбегейлі жою аса маңызды міндетке айналуы тиіс. Санасы сергек, ойы таза өскелең ұрпақ тәрбиесі үшін бұл істі жүзеге асырудың мәні зор.

Жемқорлық, бұл – батпандап кіретін, мысқалдап шығатын дерт. Осындай дертке қарсы мықты дәрі қолданбасақ, одан арылу мүмкін емес. Сондықтан, біз тиісті іс-шараларды одан әрі жүзеге асыра береміз.

Ең бастысы, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа түбегейлі қарсы ахуал қалыптастыру. Бұл – оңай шаруа емес. Сондықтан, бәріміз ел болып, қоғам болып осы жұмысқа кірісуіміз керек.

Біздің қоғамымызда жемқорлық, әсіресе, ауқымды жымқырушылық нағыз ұят нәрсе ретінде саналуы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа жол берген тұлғалардың барлығы қатаң түрде жазаланады. Алайда, жемқорлыққа қарсы күресті науқаншылдыққа айналдырмау қажет.

Құрметті қауым!

Өздеріңіз білесіздер, Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Мен жас ұрпақты қолдау болашақты қорғау деп білемін. Биыл «Жастар – ел тірегі» арнаулы әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жұмыспен, баспанамен қамту, білім беру, жастар кәсіпкерлігін дамыту, жас ғалымдарды қолдау жалғаса береді.

Ел ішінде, өңірлерде бәсекеге қабілетті жастар көп. Осындай жастарды тек меритократия жолымен, яғни, жас мамандарды қабілеттеріне және жетістіктеріне қарай өсірудің арнайы мемлекеттік бағдарламасын әзірлейміз.

Барлық аймақтарда қызметке қабылдау кезінде дарынды, көзі ашық, білімді, озық ойлы жастарға басымдық берілуі тиіс. Олардың әлеуметтік лифт арқылы өсуі сапалы білімі мен кәсіби қабілеттеріне тікелей байланысты.

Сонымен қатар, тағы бір маңызды мәселеге назар аударамын. Жастар жылында науқаншылдыққа, көзбояушылыққа жол беруге болмайды! Бөлінген бюджет қаражаты, шын мәнінде, пайдасы бар шараларға жұмсалуы тиіс. Бұл мәселе менің тікелей бақылауымда болады.

***

Баршаңыз жақсы білесіздер, қазір елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Киелі мекен – Маңғыстаудың көптеген тарихи нысандары да осы жобаға енді. Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғаса береді.

Терең тарихымызды және төл дәстүрімізді білу – әсіресе, жастар үшін маңызды. Жаңғыруды, ең алдымен, ана тілімізден бастауымыз керек! Туған тілдің мәселелерін шешумен, ең алдымен, балабақша мен мектеп ұстаздары айналысуы тиіс.

Мектептерде басты назарды қазақ тіліне, сондай-ақ орыс тіліне аудару қажет. Содан кейін ғана ағылшын тілін меңгеруге болады.

Қазақ тілін экономика, ғылым, білім, техника және мемлекеттік басқару тіліне айналдыру – ең маңызды міндет!

Ұлттық сана ұлттық тілмен ғана қалыптасады.

Мұны ешқашан естен шығаруға болмайды.

***

Тағы бір маңызды мәселеге назар аударамын.

Халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік тұрмыс сапасын арттыру – басты міндетіміз. Бұл бағытта мемлекет тарапынан ұдайы қолдау көрсетіліп жатқанын жақсы білесіздер. Алайда, біз бюджетке қатысты көзқарасымызды түбегейлі өзгертуіміз қажет. Мемлекет қаржысын ретсіз жұмсау мәселесін қатаң қадағалап, ысырапшылдықтың алдын алу керек.

Біздің кейбір әкімдеріміз бен министрлеріміз бюджетке «таусылмайтын қоржын» ретінде қарайды. Бізде тиімсіз шығындар өте көп. Мәселен, мерекелік шараларды әбден жақсы көретін болдық. Қымбат автокөліктерді молынан сатып алатын болдық. Қызмет кабинеттерінде керемет жөндеу жұмыстарын жүргізетін болдық. Тағы басқа, айтсақ, көп. Осындай келеңсіздікке тосқауыл қоямын. Көрпемізге қарай көсілу керек.

Біз табыс көзін тек бюджеттік шығындар есебінен арттыру мүмкін емес екенін терең түсінуіміз қажет. Мемлекет адамдардың еңбек етіп, лайықты табыс табуына жол ашатын тиісті шаралар қабылдайды. Әсіресе, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарды қорғауына алады.

Біз мұқтаждық пен масылдықтың ара-жігін ажырата білуіміз керек. Тек Үкімет тарапынан бөлінетін жәрдемақыға қарап өмір сүруге болмайтынын әр азамат түсінгені жөн. Балаларға мемлекеттен бөлінетін қаражатты солардың өздеріне жұмсау қажет.

***

Қоғамда жеке кәсіппен айналысу идеясын одан әрі насихаттай беру маңызды. Адал еңбегімен табыс табатын кәсіпкер – мемлекеттің тірегі. Ол халықты жұмыспен қамту арқылы әлеуметтің әл-ауқатын арттыруға үлес қосады.

Сондықтан, шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолдау көрсету қажет. Қытайда бизнеске кедергі жасағандарға қылмыстық жаза қолданылады.

Бір сөзбен айтқанда, ресми мекемелер тарапынан ешқандай кедергі болмауы тиіс. Тек қана жәрдем беру керек. Ал, іс жүзінде, бізде тосқауылдар жиі кездеседі. Бұл тұста, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына үмітіміз зор.

***

Для роста экономики и доходов населения важным является расширение доступа малого и среднего бизнеса к кредитованию.

Развитие малого и среднего бизнеса – это новые рабочие места, доходы и улучшение качества жизни населения. Уже сегодня мы наблюдаем позитивные тенденции кредитования экономики и снижения процентных ставок. С начала года рост новых кредитов в промышленности составил 40,3 процента, в торговле  – 17,6 процента. Ставки по тенговым кредитам снизились до 12,4 процента.

Данную тенденцию важно сохранить и усилить. Поэтому поручаю Национальному банку уже в текущем году проработать механизмы дальнейшего снижения ставок кредитования и увеличения объемов финансирования экономики.

Эту работу нужно постоянно держать в поле зрения, что и я сам буду делать. Следует повысить доступность кредитов, прежде всего для бизнеса.

***

Бүгінде Елбасының арқасында Қазақстан шетел инвестициясын тарту үшін қолайлы ахуал қалыптастырды. Инвестиция, экспорт және индустрияландыру – экономиканы дамытудың маңызды факторларының бірі.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық қуатын арттыру үшін инвестиция тарту жұмыстарын лайықты деңгейде жүргізу керек. Инвестиция өз-өзінен келе салмайды.

Бұл – тек шетелдік қана емес, отандық инвесторларға да қатысты маңызды міндет. Үкімет пен әкімдерге осы мәселені жедел шешу жөнінде тапсырмамды бердім.

Сонымен қатар, инвестицияны халық тұтынатын нақты өнім өндіру ісіне бағыттаудың мәні зор. Инвестиция салуға кедергі келтіретін кез келген тиісті лауазымды тұлғаның жеке жауапкершілігі қаралады. Министрлер мен әкімдердің жұмысы инвестиция мен экспорт көлеміне қарай бағаланады.

Уважаемые участники заседания!

Нельзя жить и надеяться только на нефтяную отрасль. В современном мире это попросту нерационально. В долгосрочной перспективе ожидается снижение значимости нефти как энергоресурса.

Поэтому, нам необходимо уже сейчас активизировать работу по диверсификации экономики, о чем неоднократно говорил Елбасы.

Как я уже отметил на недавнем совещании с акимами 27 марта, основа экономического роста и благополучия регионов – это инвестиции. Нужно более эффективно использовать все имеющиеся возможности и резервы.

Привлекательным инвестиционным потенциалом обладают наши свободные экономические зоны, в частности, СЭЗ «Морпорт Актау».

Большие перспективы перед страной открывает также развитие туризма, где Мангистау обладает рядом серьезных преимуществ. Эффективное использование транзитных возможностей нашей страны является одним из наших долгосрочных приоритетов.

Через Мангистаускую область проходит Транскаспийский международный транспортный маршрут, который соединяет Китай, Юго-Восточную Азию, Индию, страны Персидского залива, Турцию и Южную Европу. Поэтому, необходимо усилить работу по дальнейшей загрузке портов.

Для этого Правительству необходимо активизировать работу со странами Европы, Юго-Восточной Азии, Ближнего Востока и Китаем по привлечению дополнительных грузопотоков в наши порты. Следует усилить взаимодействие с морскими и железнодорожными администрациями прикаспийских государств в части проведения согласованной тарифной политики.

Это сделает транскаспийский маршрут более привлекательным и экономически выгодным.

Еще одним серьезным фактором экономического развития региона и всей страны, в целом, должны стать государственные закупки, а также закупки компаний холдинга «Самрук-Казына» и недропользователей.

В прошлом году в денежном выражении они в совокупности превысили 10  триллионов тенге. Это – готовый и платежеспособный спрос для наших предприятий. Например, объем закупок только в обрабатывающей промышленности в 2018 году составил более 2 триллионов тенге. При этом доля казахстанской продукции здесь не превышает 30  процентов.

Хочу особо подчеркнуть, что деньги государственного и квазигосударственного секторов – это налоги всех граждан Казахстана. И поэтому, они должны использоваться экономно и эффективно, в целях, прежде всего, развития казахстанской индустрии и бизнеса.

Необходимо обеспечить тесную координацию между нашими предприятиями, которые закупают продукцию и производят нужную номенклатуру товаров.

Поручаю отраслевым министерствам, холдингам и акиматам сформировать среднесрочный баланс спроса на ключевые товарные позиции и направить соответствующую информацию в НПП «Атамекен».

Национальной палате предпринимателей следует подготовить на ее основе баланс предложения со стороны отечественных предприятий.

Важно поставить эту работу на системную основу. Если необходимо, Правительству нужно принять соответствующий нормативный акт. В свою очередь, наши предприятия должны предлагать конкурентоспособную на фоне импортных аналогов продукцию.

Ардақты ағайын!

Өңірдегі тағы бір маңызды мәселе – Жаңаөзен қаласын дамыту.

Бүгінгі таңда қала халқының саны 151 мыңнан асты. Бұл көрсеткіш жыл сайын 2,2 пайызға артуда. Қала тұрғындарын жұмыспен, баспанамен қамту және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту – негізгі міндет. Бұл мәселе бойынша Үкімет кешенді жоспарын әзірледі. Оны міндетті түрде жүзеге асыру керек.

Сонымен қатар, қазіргі таңда кәсіпкерлік пен өндірісті ілгерілетіп, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Өкінішке қарай, аталған мәселелер бүгінге дейін әлі де толық шешімін таппай келеді. Бұл келеңсіздік халықтың алдында биліктің абыройына нұқсан келтіріп отыр.

Ақтау қаласына Жаңаөзеннен келген адамдарды жұмыспен, тұрғын үймен және жатақханамен қамтамасыз етуді жалғастыру керек.

Облыс жастары тек Ақтауда ғана емес, еліміздің батысындағы кен орындарында, мысалы, Теңіз мұнай кенішіне барып, вахталық әдіспен жұмыс істеуіне болады. Жаңаөзендегі жастар мемлекет Есебінен тегін мамандық алуы керек, ұсынылған кез-келген жұмысқа баруы қажет.

Келесі мәселе – өңірдегі басшылық қызметке кадрлар тағайындау кезінде жергілікті мамандарға баса назар аудару керек. Үкіметке бұл мәселе бойынша нақты тапсырма беремін.

***

Важными приоритетами государственной политики являются также борьба с коррупцией и снижение доли «теневой экономики».

В этом направлении мы уже добились заметных успехов. Однако, нельзя останавливаться на достигнутом. Эту работу необходимо продолжать на системной и долгосрочной основе наряду с дальнейшим обеспечением подотчетности чиновников обществу.

Одним из действенных механизмов в этом направлении является всеобщее декларирование доходов. По моему поручению оно поэтапно начнет внедряться с 2021 года и первоначально коснется только госслужащих и членов их семей. Полномасштабное же внедрение всеобщего декларирования начнется с 1 января 2025 года.

В этой связи, Правительству необходимо принять все необходимые законодательные, организационные, разъяснительные меры по подготовке к всеобщему декларированию.

Қадірлі әлеумет!

Халқымыздың рухани дүниесінде Маңғыстаудың алатын орны ерекше. Киелі өлкеден шыққан айтулы тұлғаларды барша халқымыз жақсы біледі.

Солардың бірегейі – заңғар жазушы, көрнекті мемлекет қайраткері, қазақтың абызы Әбіш Кекілбаев. Ол – Елбасының сенімді серіктерінің бірі ретінде егемен елімізді құруға зор үлес қосқан тұлға. Әбіш ағамен мен де талай жыл әріптес болып, етене араласып, ерекше сыйластықта болдым.

Өздеріңіз жақсы білесіздер, биыл Әбіш Кекілбаевтың туғанына 80 жыл толады. Қазір Әбіш Кекілбаев музейі салынып жатыр. Ақтауда ардақты ағамызға арналған ескерткіш қойылады.

Облыс әкіміне құрылыс жұмыстарын сапалы және уақтылы бітіруді тапсырамын.

Мерейтойды біз тұтас ел болып, жоғары деңгейде атап өтеміз. Мен елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында өтетін шараға арнайы өзім қатысамын.

***

Мы должны возвеличивать действительно выдающихся представителей нашего народа. Горжусь тем, что своими первыми указами в качестве Главы государства я присвоил звание Халық қаһарманы Первому Президенту Республики Казахстан, Лидеру Нации, отцу-основателю современной казахской государственности Нурсултану Абишевичу Назарбаеву и дал его имя нашей столице. В этом вижу проявление высшей исторической справедливости.

В то же время мне сообщили, что в Актау установили более десяти билбордов с моим изображением. Считаю, что это совершенно неуместно, я не нуждаюсь в такого рода пропаганде. К чему такая административная ретивость?

Вместо того, чтобы растрачивать средства на подобные инициативы, нужно было их направить на решение социальных вопросов.

Билборды должны демонстрировать реальные успехи нашего государства во главе с Елбасы. Это – мое указание акимам всех уровней!

Ардақты ағайын!

Халқымызда «Береке басы – бірлікте» деген мақал бар. Елбасы халықты татулық пен бірлікке шақырып, Қазақстанды бүгінгі биіктерге жеткізді. Оның әлемді мойындатқан «Ел бірлігі» саясатын жалғастыру – бәрімізге сын!

Бірлік болса, алынбайтын асу жоқ! Атамекенге оралған отандастар мәселесін қолдан саясатқа айналдыруға болмайды.

Жақында баспасөзге берген сұхбатымда «оралман» деген сөзбен келіспейтінімді айттым. Шетелдегі қандастарымызды елге қайтару ісі ешқашан назардан тыс қалған емес, келешекте де жалғаса береді.

Дүниежүзіндегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру – біздің қасиетті парызымыз.

Осындай тарихи кезеңде біз, Қазақстан халқы, жауапкершілік жүгін терең сезініп, алға нық қадам басамыз деп сенемін!

Осы жиыннан кейін Шопан ата мен Бекет атаның басына барып, бабалардың әруағына тағзым етуді жоспарлап отырмын.

Менің ойымша, бүгін өте тиімді, пайдалы пікір алмасу болды. Шын мәнінде, біз ел болашағы туралы көзқарасымызды білдіріп, ой бөлістік.

Бұл – тек Маңғыстау облысына ғана емес, бүкіл елімізге қатысты күрделі, маңызды мәселелер.

Расында, алдымызда ауқымы кең мақсаттар мен маңызды міндеттер тұр.

***

Я благодарен вам за поддержку моего решения о проведении досрочных президентских выборов 9 июня текущего года. Мотивы данного решения была высказаны в моем телевизионном обращении к гражданам страны.

Хотел бы отметить, что 19 марта состоялось событие, которое привлекло внимание всего мирового сообщества.

Передача власти состоялась в абсолютно спокойной обстановке, что явилось свидетельством мудрости казахского народа.

Сам факт передачи власти вызвал уважение со стороны мирового сообщества к Казахстану и его руководству. По сути дела, миру была явлена политическая инновация, которая сейчас изучается дипломатами и международными экспертами.

***

Қазіргі әлем бәсекеге толы. Бәсекеге лайықты елдер ғана табысқа қол жеткізеді. Сондықтан, біз бәріміз ел болып, жұрт болып, табанды еңбек етуіміз қажет.

Жалпы, Қазақстан еңбекқор ел болуы керек. Жайбарақат өмірдің заманы кетті.

Маңғыстау облысына үмітім зор. Облыстың экономикалық әлеуеті өте күшті. Адамдардың ресурсы мол. Облыстың сұраныстарын біз мұқият қарап, шешімін табамыз.

Баршаңызға, Маңғыстау облысының тұрғындарына аманшылық, бақыт тілеймін.

Бақ-берекеміз артып, ісіміз алға баса берсін!

Назарларыңызға рақмет!