Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында Мемлекет басшысына Мәжілістің қазіргі жұмыстары, нәтижелері мен заң шығару жұмыстары, сондай-ақ, биыл 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесін өткізудің дайындық барысы жөнінде баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жүргізіліп жатқан реформаларды сапалы заңдық тұрғыдан сүйемелдеу және заң жобаларын уақтылы қабылдау қажеттігін айтты.
Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.