03 мау, 2019 сағат 16:54

Тоқаев Корея Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге және Дунай өзеніндегі кеме апаты салдарынан жақындарынан айрылған отбасыларға, сондай-ақ, бүкіл достас Корея Республикасы халқына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың туыстары мен жақындарын сабырға шақырып, ал зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.